Шахмат

Бибісара Асаубаева президенттік грант иеленді

Бибісара Асаубаева президенттік грант иеленді
instagram.com/chesscom_ru/

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева ірі грант иегері атанды. Қазақстандық 20 жастағы әлем чемпионына жүлде жыл сайынғы KazChess Awards салтанатында берілді.

"Тимур Турловтың шешімімен 40 миллион теңге көлемінде президенттік грант тағайындалды, оның иегері Бибісара Асаубаева болды", - деп хабарлады Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі.

Ксения Балабаева жылдың ең үздік қазақстандық шахматшысы деп танылды, ал Асаубаева Қазақстан әйелдер командасының құрамында "Жылдың үздік командасы" деген марапатқа ие болды.

Айта кетейік, Бибісара Асаубаеваның өзі салтанатты шараға келмеген. 

Басқа спорттық жаңалықтар