Бәйге
«Астанада олимпиадалық ат спортынан алғашқы халықаралық турнир өтеді»

30 мамыр мен 1 маусым аралығында Астанадағы «Арғымақ» АССК базасында конкурдан Еуразиялық Лиганың Әлем кубогы кезеңі және атпен мәнерлеп жүруден халықаралық турнир өтеді.
Жарысқа 6 елден ең мықты құрама командалар қатысады. 60-тан астам үздік шабандоз өздерінің кедергілерден өту және атпен мәнерлеп жүру шеберліктерін көрсетеді. Көрермендерді кәсіби спортшылар мен мықты тұлпарлардың өнері және нағыз спорттық атмосфера күтіп тұр.
Отандық спортшыларды қолдап, жанкүйер болуға шақырамыз! Басталуы – сағат 09:00.