Кәсіби бокс

Боксшылардың Жәнібектен неліктен қашатыны айтылды

Боксшылардың Жәнібектен неліктен қашатыны айтылды
instagram.com/janibek_alimkhanuly

Орта салмақта IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (15-0, 10 КО) ісін жүргізетін менеджер Эгис Климас қазақстандық боксшы АҚШ-та қандай қиындықтарға тап болып отырғанын айтты.

Бұл туралы ол Қанат Бейсебековтің Жәнібек туралы деректі фильмінде баян етті.

- Қазір көптеген боксшы Жәнібекпен жекпе-жекке келіспейтінін білеміз. Неге, соның сырын айтыңызшы?

- Өйткені бокста қазір көпшілік атақ-даңқ үшін емес, ақша үшін жүр, бизнес себебінен. Жәнібекпен рингке шығу - өзі үшін жеңіліс екенін бәрі біледі. Ал ешкім де жеңілгісі келмейді. Оларды тек қомақты қаржымен ғана жекпе-жекке көндіре аласың.

- Ал Жәнібекпен жұдырықтасу үлкен табыс бермей ме?

- Бұрын бокста HBO арнасы қандай айқас керегін айтып, сол үшін үлкен ақша бөлетін. Қазір ол жоқ. Енді боксшылар pay-per-view жекпе-жектерге шыққысы келеді. Ол үшін атақты боксшылар керек, ал атақтылар келіспейді. Осылай былық болып кетті.

Басқа спорттық жаңалықтар