Футбол

Криштиану Роналду "Реалдағы" жетістігін тағы қайталады

Криштиану Роналду
instagram.com/alnassr/

"Әл-Наср" Сауд Арабиясы чемпионатының 26-турында "Абху" командасын 8:0 есебімен ойсырата ұтты.

Жеңімпаздар сапынан Криштиану Роналду хет-трик (11, 21 және 42-минут) жасады, Садио Мане (33), Абдулмаджид әл-Сулайхим (44), Абдулрахман Гариб (51) гол салды және Абдулазиза әл-Аливы дубль (63 және 86-минут) орындады. Роналду екінші матч қатарынан хет-трик жасап отыр, бұған дейін "Әл-Таи" командасымен матчте (5:1) үш гол салған.

Кейінгі рет португалиялық шабуылшы мұндайды 2015 жылы "Реалда" жасғаан еді. Ол кезде үш күн ішінде Ла Лигада "Эспаньол" және Чемпионадар лигасында "Шахтер" қақпасына үш голдан салған.

Басқа спорттық жаңалықтар