Астанадағы спаррингтік турнир қатысушылары өзгерді
23 мамыр мен 5 маусым аралығы Таиланд астанасы Бангкоктағы Олимпиадаға жолдама ойнатылатын турнирге қатысу мүмкіндігі сарапқа салынатын спаррингтік жарыс қатысушыларына қатысты өзгеріс енді.
Спаррингтік турнир 8-10 сәуір Астанад өтеді.
Атап айтар болсақ, тізімге 54 келіде Дина Жоламан қосылды. Ол Қазақстан чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы, 2016 жылғы әлем чемпионы, 2021 жылғы Азия чемпионы.
66 келі салмақта әлем және Азия чемпионатының жүлдегері Милана Сафронова да қатысатын болды.
Астандағы спаррингтерге қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі:
50 келі: Назым Қызайбай (1993), Алуа Балқыбекова (1996);
54 келі: Анель Сақыш (2000), Жайна Шекербекова (1989), Балауса Мұздыман (1997), Элина Базарова (2004) Ұлжан Сәрсенбек (2005), Сымбат Әлиасқар (2004), Дина Жоламан (1992);
66 келі: Жасмин Қизатова (2002), Лаура Есенкелді (2000), Наталья Богданова (1999), Дариға Шәкімова (1988), Милана Сафронова (1991);
75 келі: Гүлсая Ержан (2001), Валентина Хальзова (1996), Жібек Жарасқызы (2003).