Теннис

Қазақстан жасөспірімдері екінші рет әлем чемпионатының финалдық кезеңіне шықты

Қазақстан жасөспірімдері екінші рет әлем чемпионатының финалдық кезеңіне шықты

Малайзияның Кучинг қаласында 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты Азия — Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетті. 

 Қазақстандық жасөспірімдер ширек финалда камбэк жасап, Қытайлық Тайбэйді 2:1 есебімен жеңді. Алғашқы тартысты бәсекеде Бексұлтан Бауыржанов Йенг Ценгке есе жіберді — 4:6, 6:4, 6:7 (4:7). 

 Екінші ойында Ахмади Мақанов Хуан Цайдан 6:3, 6:4 есебімен басым түсіп, таразы басын теңестірді. Матч тағдыры жұптық сында шешілді. Мақанов Хақназар Жеткербаймен бірге Цай — Чанмен бәсекеде жеңісті жұлып алды — 6:3, 4:6, 10:6. 

 Осылайша, 14 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы өз тарихында екінші рет әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды. 

 Қазақстан құрамасының капитаны Сағадат Аяп Азия — Тынық мұхит аймағында бәсекелестіктің жоғары болғанына қарамастан, жаңа табысқа қол жеткізгендерін атап өтті. — Бұл — Қазақстан теннисі үшін маңызды жеңіс. Ел намысы үшін аянбай күрескен шәкірттеріме ризамын. Енді алдағы әлем чемпионатына мықтап дайындаламыз, — деді Аяп.


Источник: КТФ

Басқа спорттық жаңалықтар