Футбол
"Ақтөбенің" ресейлік шабыулшысы қырғызстандық клубқа кетті
"Ақтөбе" ФК
Ресейлік шабуылшы Роман Изотов қырғызстандық "Мурас Юнайтед" футбол клубына қосылды.
Transfermarkt.com мәліметінше, ҚПЛ-де "Ақтөбе" құрамында өнер көрсеткен 27 жастағы футболшы жаңа командасымен жыл соңына дейін келісімшартқа отырды.
Изотов ақтөбеліктер маусым ортасында қосылып, Қазақстан премьер-лигасында екі матчте ойнады. Сонымен қоса, бірінші лигада жастар құрамасы сапында жеті ойында алты гол соққан.
"Ақтөбемен" бірге ол 2023 жылы Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды.