ММА

Сарапшы Шавкат Рахмоновтың титулды айқасының уақытын айтты

Сарапшы Шавкат Рахмоновтың титулды айқасының уақытын айтты
UFC

Америкалық журналист Джек Маккаферри қазақстандық Шавкат Рахмонов (18-0) UFC чемпиондығы үшін қашан айқасатынын болжады.

Қазіргі таңда жартылай орта салмақта UFC чемпионы Леон Эдвардс (22-3, 10 КО). Дивизион рейтингінде бірінші Камару Усман (20-4, 10 КО), екінші Белал Мухаммад (23-3, 6 КО), ал Рахмонов үшініш тұр.

"Рахмонов чемпиондық жекпе-жекке жыл соңында немесе келесі көктемде шығу керек. Алдымен аралық айқасқа шығарады, сол кезде өзін жақсы көрсету қажет. Бұл Ковингтон немесе Усманмен кездесу болатын шығар. Шавкаттың Маддаленамен жұдырықтасқанын көру де қызықты боалтын еді. Қалай дегенмен осыдан кейін оны шетке қаға алмайды. Рахмонов - ел назарындағы жарқын тұлға", - дейді Маккаферри.

Басқа спорттық жаңалықтар