Дзюдо

Қазақстан пара дзюдодан Антальяда басталған турниде екі жүлде жеңіп алды

Қазақстан пара дзюдодан Антальяда басталған турниде екі жүлде жеңіп алды
Халықаралық дзюдо федерациясы

1 сәуірде Түркияның Анталья қаласында пара дзюдодан Гран-при 2024 дәстүрлі халықаралық турнирі басталды, онда қазақстандықтар бірінші күні екі медаль жеңіп алды.

Алдымен пара дзюдодан Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Ерғали Шәмей 73 келіге дейінгі салмақта (J1) жарыстың қола жүлдегері атанды. Даяна Федосова 57 келі салмақта (J2) команда қоржынына тағы бір қола медаль салды.

Жарыс 4 сәуірге дейін жалғасады. Бұл турнирге Қазақстан атынан 10 ер және 7 әйел спортшы қатысып жатыр.

Басқа спорттық жаңалықтар