Үстел теннис
Үстел теннисі: Жәния Бекмұхамбетова Түркиядағы турнирде екі медаль жеңіп алды

Үстел теннисінен қазақстандық спортшы Жәния Бекмұхамбетова Түркияда өткен WTT Youth Contender турнирінде екі жүлдеге қол жеткізді.
13 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жарыста Жәния күміс медаль еншіледі.
Сондай-ақ, 15 жасқа дейінгі қатысушылар арасындағы бәсекеге де қатысып, қола жүлдегер атанды.