Дзюдо
Ерасыл Қажыбаев дзюдодан Бакудегі Grand Slam турнирінде қола жүлдеге ие болды

ҰОК
Қазақстандық дзюдошы Ерасыл Қажыбаев Әзірбайжанның Баку қаласында өткен Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды.
Ол 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сәтті өнер көрсетті.
Қола медаль үшін болған белдесуде Қажыбаев грузиялық Саба Инанейшвилиден басым түсті.