Кәсіби бокс

Тим Цзюдің жекпе-жегі сенсациямен аяқталды

Тим Цзюдің жекпе-жегі сенсациямен аяқталды
Я там, где «MMA» парақшасынан

Лас-Вегаста өткен бокс кешінің басты айқасында бірінші орта салмақта WBO чемпионы Тим Цзю (24-1, 17 КО) мен америкалық Себастьян Фундора (21-1-1, 13 КО) жұдырықтасты.

12 раунд толық өткен жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Фундораға берді (112-116, 115-113 и 116-112). Осылайша, күтпеген жерден жеңілген Цзю WBO белбеуінен айырылып қалды. Сонымен қоса, бұл кездесуде бос болған WBC титулы да сарапқа салынған еді, енді ол да америкалықтың белінде кетті.

Еске салайық, 29 жастағы Тим Цзю ресейлік әйгілі боксшы, әлемнің абсолют чемпионы болған Костя Цзюдің тұңғышы.

Басқа спорттық жаңалықтар