Бокс

Азия бокс конфедерациясы қазақ боксшыға тамсанды

Азия бокс конфедерациясы қазақ боксшыға тамсанды
ҚБФ

Азия бокс конфедерациясының (ASBC) баспасөз қызметі Әзірбайжан үшін өнер көрсетіп жүрген кубалық Лорен Берто Альфонсо Домингесті Бакудегі турнир финалында жеңген Сағындық Тоғамбайға тамсанды.

"Ұлы жібек жолы" атты жарыс финалында төрешілер жеңісті қазақ боксшыға берген болатын.

"Қазақстандық Сағындық Тоғамбай Азия ойындарының қола жүлдегері, қазіргі таңда ауыр салмақта (92 келі) олардың 2-нөмірлі боксшылары, бірақ финал күні мықты жақтарын паш етті. 23 жастағы қазақ тактикасымен таң қалдырып, күннің басты жекпе-жегінде әлем чемпионы Лорен Берто Альфонсоны жеңді", - деп жазады ASBC.

Басқа спорттық жаңалықтар