Елена Рыбакина Абу-Дабидегі турнирдің жартылай финалына өтті

Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина Абу-Даби (БАӘ) WTA 500 турнирінің жартылай финалына жолдама алды.
Жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген Рыбакина, әлемдік ретингте 33-орында тұрған Онс Жабермен кездесті.
Рыбакина матчты сәтті бастап, бірінші партияда қос брейкке қол жеткізді – 6:2.
Алайда екінші сетте сол қарқынынан айырылып қалып, Жабер 5:1 есебімен алға кетті. Қазақстандық теннисші есепті тек қысқарта алды – 4:6.
Үшінші, шешуші сетте есеп 3:2 болған мезетте Елена брейк жасағанымен, өз геймін беріп қойды. Сосын есеп 6:5 болғанда, екі матчболын пайдалана алмады – 6:6. Дегенмен тай-брейкте таразы басын аударды – 7:6 (7:4).
Екі сағат 13 минутқа созылған аса тартысты бәсекеде Рыбакина 3 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды. Жабер 1 эйс, 3 брейкпен (5 брейк-пойнт) көзге түсті.
Айта кетейік, Рыбакина финалға шығу үшін швейцариялық Белинда Бенчичпен шеберлік байқасады.