Теннис
Михаил Кукушкин Роттердамда өтіп жатқан турнирдің іріктеу кезеңін сәтті бастады

ҰОК
Қазақстан теннисші, әлемнің 112-ракеткасы Михаил Кукушкин Роттердамда өтіп жатқан ATP 500 турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады.
Қазақстандық спортшы алғашқы матчында әлемдік рейтингте 318-орында тұрған нидерландық Йелле Селстен басым түсті.
Бірінші сетте Кукушкин 6:4 есебімен алға шықса, екінші кезеңде 6:1 есебімен ойсырата жеңді.
Ойын 1 сағат 18 минутқа созылды.
Михаил Кукушкин іріктеу жарысының финалында әлемнің 130-ракеткасы, франциялық Гарольд Майомен кездеседі. Оны жеңсе, негізгі турнирге жолдама алады.