Гимнастика

Айбота Ертайқызы Гран-при кезеңінде үш жүлде жеңіп алды

Айбота Ертайқызы Гран-при кезеңінде үш жүлде жеңіп алды
olympic.kz

Францияның Тье қаласында көркем гимнастикадан Гран-при кезеңі аяқталды.

Қазақстан гимнастика федерациясының мәліметінше, бұл жарыста қазақстандық Айбота Ертайқызы аталған жарыста екі күміс, бір қола жүлдеге ие болды.

Қазақстандық гимнаст шығыршықпен жаттығудан 32.7 ұпай жинап, күміс медальға қол жеткізді. Сондай-ақ доппен жаттығудан (32.4 балл) үздік үштікті түйіндеді.

Сонымен қатар, Айбота таспамен жаттығу финалында екінші орыннан көрінді.

Басқа спорттық жаңалықтар