Теннис

Дэвис кубогы: Пәкістанмен матчта Бейбіт Жукаев 2:0-ге жеткізді

Дэвис кубогы: Пәкістанмен матчта Бейбіт Жукаев 2:0-ге жеткізді

Астана қаласында Дэвис кубогы бірінші әлемдік тобында Қазақстан мен Пәкістан арасында өтіп жатқан плей-офф матчының алғашқы күнгі ойындары аяқталды. 

 Қазақстандық теннисші пәкістандық Хузайфа Абдул Рехманмен шеберлік байқасты. Кездесу брейк алмасумен басталды. Тартысты өрбіген бірінші партия соңында Бейбіт тоғызыншы сет-пойнтты пайдалана білді — 7:5. 

Екінші сет барысында пәкістандық спортшы жарақат алып қалғаннан кейін Жукаевтың басымдылығы тіпті арта түсті — 6:0. Осылайша, Қазақстан құрамасы 2:0 есебімен алға шықты.

Жексенбі күні Қазақстан — Пәкістан матчында тағы үш ойын белгіленген.

Қазақстандықтарға енді бір кездесуді жеңіспен аяқтаса, жетіп жатыр.

Beeline Janymda. Матчтарды көріп, алған әсеріңізді кез келген жерде бөлісіңіз!


Источник: КТФ

Басқа спорттық жаңалықтар