Теннис

Дэвис кубогы: екі қазақтандық теннисші жекелей сында жеңіске қол жеткізді

Дэвис кубогы: екі қазақтандық теннисші жекелей сында жеңіске қол жеткізді
ҰОК

Теннистен Астанада өтіп жатқан Дэвис кубогы әлемдік тобының плей-офф кезеңінің бірінші күніндегі сайыстар аяқталды.

Жарыстың бірінші күні Александр Шевченко және Бейбіт Жұқаев өнер көрсетті.

Александр Шевченконың қарсыласы пәкістандық Музамиль Муртаза болды. Қазақстандық теннисші 5 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. Нәтижесінде 6:2, 6:1 есебімен жеңді.

Екінші болып кортқа Бейбіт Жұқаев шықты. Ол Хузайфа Абдул Рехманға қарсы ойын өткізді. Қазақстандық спортшы бірінші сетте 6 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Пәкістандық екі мәрте қос қате жіберді. Екінші сетте Рехман ойын барысында жарақат алып қалды. Дегенмен матчты соңына дейін жалғастырды. Нәтижесінде Бейбіт Жұқаев 7:5, 6:0 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша Қазақстан құрамасы алға шықты. Екінші жарыс күнінде Александр Шевченко/Тимофей Скатов жұптық сында Акел Хан/Музамиль Муртазамен шеберлік байқасады.

Басқа спорттық жаңалықтар