Волейбол

«Тараз» волейболдан Қазақстан чемпионатын жеңіп алды

«Тараз» волейболдан Қазақстан чемпионатын жеңіп алды
Қазақстан волейбол федерациясы

Павлодарда волейболдан ерлердің Ұлттық лига командалары арасында ХХХІІ Қазақстан чемпионаты аяқталды.

Алаң иелері – өткен жылғы ел чемпионы «Павлодар» командасы «Тараз» волейбол клубымен финалда үшінші кездесуін өткізді. Бұған дейін қос клуб чемпиондық үшін өткен ойында бір-бірден жеңіске жеткен еді – 1:1.

Бұл жолы бірінші партияда Игорь Никольченко жаттықтыратын павлодарлықтар 30:28 есебімен басым түсті. Алайда бұдан кейін тараздықтар (бас бапкері Андрей Патраков) камбэк жасады: 25:21, 25:14, 25:15.

Осылайша, «Павлодарды» өз алаңында 3:1 есебімен жеңген «Тараз» ел чемпион атанды. «Павлодар» күмісті қанағат тұтса, «Есілге» (СҚО) қола медаль бұйырды.

Басқа спорттық жаңалықтар