Теннис

Қазақстандық теннисші Швециядағы турнирдің финалына жетті

Қазақстандық теннисші Швециядағы турнирдің финалына жетті

Қазақстандық Андрей Голубев пен украиналық Денис Молчанов жұптық сында Швеция астанасы Стокгольмде өтіп жатқан ATP 250 турнирінің финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.


Жартылай финалда олар франция-америкалық дуэт Альбано Оливетти және Роберт Галлоуэйді ұтты. Матч бір сағат 15 минутқа созылды. Бұл ойында Голубев пен Молчанов 7:5, 6:2 есебімен басым түсті. 


Биыл 36 жастағы Голубев пен Молчанов бір жұпта бесінші рет финалға шығып отыр. Алайда бұған дейінгі финалға олар ATP Challenger турнирлерінде жетіп, екеуінде жеңімпаз атанды. Ал бұл жолғы АТР 250 жарысының алдыңғыларға қарағанда беделі жоғары. 


Енді ақтық сында олар Таллон Грикспур және Барт Стивенсонмен ойнайды немесе британо-үндістандық дуэт Джулиан Кэш пен Юки Бхамбрилермен алтын үшін таласқа түседі. Титул үшін матч ертең, 22 қазанда өтеді.

Басқа спорттық жаңалықтар