Кәсіби бокс

Әлімханұлына үлкен ақша үшін екі титулдан бас тартуды ұсынды

Әлімханұлына үлкен ақша үшін екі титулдан бас тартуды ұсынды
instagram.com/toprank

Орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлына (15-0, 10 КО) мықты айқастар мен үлкен ақша үшін дивизион ауыстыру ұсынылды.

Бұған дейін Жәнібек америкалық Давид Бенавидеспен жекпе-жек үшін суперорта салмаққа көтерілуге дайын екенін мәлімдеген.

"Бұл жекпе-жектің екі боксшы үшін де мәні бар, өйткені әзірге ешқайсында қызықты ұсыныс жоқ. Жәнібек тіпті Бенавидеспен жекпе-жекке шыға алмаса да, орта салмақтағы екі титулдан бас тартып, екінші орта дивизионға көтерілгені жаман болмас еді. Мұнда ол жақсы табыс көре алады. Бенавидестен бөлек 168 фунтта Жәнібекке өзге де жақсы қарсыластар табылады: Эдгар Берланга, Кристиан Мбилли, Диего Пачеко, Калеб Плант, Хайме Мунгия, Давид Моррель, Канело Альварес", - деп жазыпты Boxingnews24 журналисті Дэн Эмброуз.

Басқа спорттық жаңалықтар