Бокс

Құраманың экс капитаны бір жекпе-жекпен жартылай финалға жетті

Құраманың экс капитаны бір жекпе-жекпен жартылай финалға жетті
instagram.com/ablaikhan_zhussupov

Бүгін, 4 желтоқсан Чангмайдағы бокстан Азия чемпионатында қазақстандық Абылайхан Жүсіпов жарыс жолын бірден ширек финалдан бастады.

71 келіде өнер көрсететін Абылай түркменстандық Байрамдурды Нурмухаммедовпен кездесу өткізіп, қарсыласын төрешілер шешімімен жеңді - 5:0. Үшінші раундта Жүсіпов қарсыласын бір рет нокдаунға түсірді. Осылайша, Абылай жартылай финалға өтіп, кемі қолаға жетіп отыр.

Айта кетейік, Жүсіпов Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны, әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері (2017, 2019, 2021). Сонымен бірге, ол 2017 жылы Азия чемпионатының күмісін алған. Абылай шілде айында кәсіпқой бокстан кетіп, құрамаға қайта қосылған еді.

Басқа спорттық жаңалықтар