Бокс

Дулат Бекбауов АЧ-де қарсыласын нокаутпен жеңді

Дулат Бекбауов АЧ-де қарсыласын нокаутпен жеңді

Бүгін, 4 желтоқсанда Таиландтың Чангмай қаласында бокстан Азия чемпионатының бесінші жарыс күні өтіп жатыр.

Қазақстан атынан рингке бірінші болып шыққан Дулат Бекбауов 67 келідегі 1/4 финалда малазиялық Арифф Айман Мухаммадпен жұдырықтасты. Қазақ боксшы қарсыласын әр раундта есеңгіретіп, нокдаунға түсіріп отырды да, үшіншісінде төреші жекпе-жекті тоқтатты.

Осылай Дулат техникалық нокаутпен жеңіп, қола жүлдеге қол жеткізіп отыр. В 1/8 финалда Бекбауов тайбейлік Ванг Чиуанды жеңген болатын.

Басқа спорттық жаңалықтар