Футзал

Қазақстан құрамасы өзбек және қырғыз футзалшыларымен жолдастық мачтер өткізеді

Қазақстан құрамасы өзбек және қырғыз футзалшыларымен жолдастық мачтер өткізеді
ҚФФ

Футзалдан Қазақстан құрамасы Қырғызстан және Өзбекстан командаларымен жолдастық кездесу өткізеді.

Екі кездесу де Тараз қаласында өтеді деп жоспарланған. Қазақстанның ұлттық командасы 4 сәуірде жабық түрде Қырғызстанмен ойнайды. Одан кейін 7 және 9 сәуір күндері Өзбекстанмен ойнамақ.

Қырғызстандық футзалшылар әзірге әлем чемпионаты финалдық сатысында ойнай алған жоқ. Ал Азия чемпионатында 14 мәрте бақ сынап, 2005 жылы қола жүлде алған екен. 

Өзбекстандық футзалшылар әлем чемпионаты финалдық сатысына 2016, 2021 жылдарда екі мәрте қатысып, 2021 жылы 1/8 финалға дейін жетті.

Басқа спорттық жаңалықтар