Бокс

Сағындық Тоғамбай Қазақстан құрамасына үшінші алтын әкелді

Сағындық Тоғамбай Қазақстан құрамасына үшінші алтын әкелді
ҚБФ

Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен "Ұлы жібек жолы" турнирінде Қазақстан құрамасынан Сағындық Тоғамбай рингке соңғы болып шықты.

92 келіге дейін салмақта өнер көрсететін Сағындық алтын үшін айқаста ринг қожайыны Альфонсо Домингеспен жұдырықтасты. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан қазақ бкосшыға берді.

Бұған дейін Дархан Дүйсебай (71 кг) мен Талғат Сырымбетов (60 кг) те финалда жеңіске жетіп, алтын иеленді. Ал Тимур Қабдешов (54 кг) пен Теміртас Жүсуіпов (48 кг) күміс жүлдегер атанған еді.

Басқа спорттық жаңалықтар