Кәсіби бокс

Головкин биігіне жете алатын қазақ боксшылардың есімі айтылды

Головкин биігіне жете алатын қазақ боксшылардың есімі айтылды
Matchroom Boxing

Америкалық журналист Джек Маккаферри әйгілі Геннадий Гололвкиннің жетістігін қайталай алады-ау деген қазақтандық боксшыларды атады.

"Қазақстанда мықты әрі болашағы зор боксшылар көп. Басты жұлдыз Геннадий Головкин екені түсінікті. Ол бүкіл әлемге танымал. Өзге қазақстандық боксшыларға оның биігіне дейін әлі алыс. GGG- жетістігін қайталай алатын боксшылар арасында ең үлкен мүмкіндік Жәнібек Әлімханұлында. Одан кейін Мейірім Нұрсұлтанов және Сұлтан Зауырбек. Жанқош тұраров пен Батыр Жүкембаевтың мүмкіндіктерін талқылап көруге болады. Али Ахмедовтің карьерасы тежеліп қалғаны өкінішті. Бұл боксшылар А категориясына жақындай алар еді, тіпті мықты айқастарға шығу мүмкіндігі де бар", - дейді Маккаферри.

Басқа спорттық жаңалықтар