Теннис
Зарина Диас екі жылдық үзілістен кейін қайта оралды
dunlopsports.com
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Жапонияда өтетін W50 KASHIWA KASHIWA OPEN турниріне қатысады.
Бұл турнир 1-7 сәуір аралығында өтеді.
Зарина жарақатына байланысты екі жылға созылған үзілістен кейінгі қайта оралады. Қазақстандық спортшы содан кейін 12-13 сәуірде осы елде өтетін Билли Джин Кинг кубогының Жапониямен іріктеу кезеңінде Қазақстан намысын қорғайды.
Кезінде әлемдік рейтингіде 31-орынға дейін көтерілген Зарина Диястың теннистегі ең үлкен табысы Жапония жерімен байланысты екенін айта кеткен жөн. Ол 2017 жылы Токио WTA турнирінің жеңімпазы атанған еді.