Футбол

Каземиро Сауд Арабиясы чемпионатына ауыспақ

Каземиро Сауд Арабиясы чемпионатына ауыспақ
ManUtd.One

«Манчестер Юнайтедтің» бразилиялық жартылай қорғаушысы Каземиро жазда Сауд Арабиясы чемпионатына өтуі мүмкін. 

Каземиро бразилиялық «Сан-Паулу» клубының түлегі. 2013 жылы реалдық «Мадридте» өнер көрсете бастады, тоғыз жылдан кейін «Манчестер Юнайтед» сапына қосылды. Осы маусымда 32 жастағы жартылай қорғаушы барлық турнирлердегі 21 матчте 5 гол салды және 2 ассист жасады. 

Бразилиялықтың «Манчестер Юнайтедпен» келісімшарты 2026 жылдың маусым айының соңына дейін есептелген. 

Transfermarkt Каземироның нарықтық құнын 30 миллионға бағалап отыр.

Басқа спорттық жаңалықтар