Үстел теннис

Үстел тенисінен Бейруттегі турнирде Алан Құрманғалиев жеңімпаз атанды

Үстел тенисінен Бейруттегі турнирде Алан Құрманғалиев жеңімпаз атанды
olympic.kz

Қазақстан командасы Бейрутте (Ливан) үстел теннисінен WTT Youth Contender турнирінде төрт жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитеті. 

Алан Құрманғалиев 17 жасқа дейінгілер арасында жарыс жеңімпазы атанды. Сондай-ақ, Арнұр Оралханов – Жанерке Көшкімбаева жұбы (19 жасқа дейінгілер), Нұрислам Қасым (17 жасқа дейінгілер) және Нұрдәулет Азаматұлы (13 жасқа дейінгілер) қола жүлде иеленді.

Басқа спорттық жаңалықтар