Бокс

36 жастағы Теміртас халықаралық турнир финалына жетті

36 жастағы Теміртас халықаралық турнир финалына жетті
ҚБФ

Қазақстандық боксшы Теміртас Жүсіпов Әзірбайжанда өтіп жатқан "Ұлы жібек жолы" халықаралық турнирінің финалына жолдама алды.

48 келіде өнер көрсететін Теміртас жартылай финалда ресейлік Адам Алиевпен жұдырықтасып, оны төрешілердің ортақ шешімімен жеңді. Алтын үшін айқаста Жүсіпов әзірбайжандық Хасан Маликовпен айқасады.

Айта кетейік, 36 жастағы Теміртас 2021 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы, 2013 жылы Азия чемпионы болды, сонымен қоса, ол бес рет Қазақстан біріншілігінде жеңіске жеткен.

Басқа спорттық жаңалықтар