Теннис

Недовесов жұптық сында Испаниядағы турнирдің ширек финалына өтті

Недовесов жұптық сында Испаниядағы турнирдің ширек финалына өтті
olympic.kz

Қазақстандық теннисші Александр Недовесов жұптық сында Испанияның Жирона қаласында өтіп жатқан "Челленджер" сериясындағы турнирдің ширек финалына жетті.

Недовесов эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге алғашқы матчін швециялық Филип Бергеви пен нидерландылық Мик Велдхеермен өткізді. Бір жарым сағаттық ойында қазақстандық пен эквадорлық теннисші 6:3, 4:6, 10:3 есебімен жеңіске жетті.

Енді Недовесов – Эскобар дуэті жартылай финалға шығу үшін германиялықтар Якоб Шнайттер – Марк Валлнермен ойын өткізеді.

Басқа спорттық жаңалықтар