Бокс

IBA Қазақстан қатысып жатқан турнирдегі масқара нокаутты ерекшеледі

IBA Қазақстан қатысып жатқан турнирдегі масқара нокаутты ерекшеледі
AIBA

Әзірбайжан астанасы Бакуде бокстан "Ұлы жібек жолы" атты халықаралық турнир өтіп жатыр.

Бұл жарысты 57 келі салмақта өнер көрсететін қырғызстандық Санжар Сейдакматов бірінші раундта тәжікстандық Бузургмехр Иксановты нокаутқа түсірді. Тәжік боксшы алған соққыдан жалпасынан құлады, ал орнынан тұрмақ болғанында тағы құлайды, алайда осы жолы ринг арқандары оны ұстап қалды. Осыдан кейін, оған төреші мен бапкері жүгіріп келіп, сүйемелдеп ұстап тұрды.

Бокстың халықаралық қауымдастығы (IBA) бұл нокаутты назардан тыс қалдырмады:

"Қандай нокаут!", - деп жазыпты ұйым нокаут видеосының астына.


Басқа спорттық жаңалықтар