0

Қазақстан ФИФА рейтингінде тағы төмендеді

Қазақстан ФИФА рейтингінде тағы төмендеді
ҚФФ

Футолдан Қазқастан құрамасы Ұлттар лигасы аясында Люксембургтен ұталғаннан кейін (1:2) Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) рейтингінде тағы төмен сырғыды.

Football-ranking.com порталының мәліметінше, жаңартылған тізімде Қазақстан тағы екі саты құлдырап, 103-орынға түсіпті. Бұл матчке дейін Қазақстан командасы 101-орында болатын.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Косово мен Жаңа Зеландия командаларына көршілес болып қалды. Ал Грекиямен матчке дейін Қазақстан топ-100 тізімде болған еді.

Басқа спорттық жаңалықтар