Теннис

Елена Рыбакина Майамидегі турнирдің жартылай финалына жетті

Елена Рыбакина Майамидегі турнирдің жартылай финалына жетті
Jimmie48 Photography, WTA

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Майамиде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жартылай финалына өтті.

Ол ширек финалда әлемнің 8-ракеткасы Мария Саккариді жарыс жолынан шығарды. 2 сағат 49 минутқа созылған ойында Елена қарсыласын 7:5, 6:7 (4:7), 6:4 есебімен ұтып шықты. Корттағы кездесу барысында қазақстандық спортшы 10 эйс жасады.

Жартылай финалда Елена беларусь теннисшісі Виктория Азаренкомен (32-ракетка) кездеседі. Ол ширек финалда тағы бір отандасымыз Юлия Путинцевадан басым түскен болатын.

Басқа спорттық жаңалықтар