Футбол

Грекияны ұтқан Грузия Еуропа чемпионатына өтті

Грекияны ұтқан Грузия Еуропа чемпионатына өтті
Instagram/fcdinamotbilisi

Кеше, 26 наурызда Грузия құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің финалдық ойынында өз стадионында Грекия құрамасынан басым түсті.

Тбилисидегі «Динамо Арена» стадионында өткен ойынның тағдырын пенальти сериясы шешіп, онда Грузияның жолы болды (4:2).

Осылайша Грузия Еуро-2024 финалдық кезеңіне шықты, онда Португалия, Чехия және Түркиямен бір топта өнер көрсетеді.

Еске салайық, Еуропа чемпионаты осы жазда 14 маусым мен 14 шілде аралығында Германияда өтеді.

Басқа спорттық жаңалықтар