Шорт-трек

Шорт-тректен Қазақстан чемпионаты басталды

Шорт-тректен Қазақстан чемпионаты басталды
olympic.kz

Астанада шорт-тректен Қазақстан чемпионатының алғашқы жарыс күні аяқталды, деп хабарлайды Ұлттық олимпиадалық комитетті. 
Кеше 1500 метрге жарысудан жеңімпаздар белгілі болды. Ерлер арасында Әділ Ғалиахметов (Астана) чемпион атанды. Екінші орынды Нұртілек Қажығали, қоланы Богдан Вехов иеленген.

Әйелдер арасында астаналық Малика Ермек топ жарды. Күміс медальді Алина Әжіғалиева, қоланы Ольга Тихонова еншіледі.

«Алау» мұз сарайында өтіп жатқан Қазақстан біріншілігі 28 наурызда аяқталады.

Басқа спорттық жаңалықтар