ММА

Рахмонов - Чимаев айқасында кім жеңетіні айтылды

Рахмонов - Чимаев айқасында кім жеңетіні айтылды
twitter.com/mma_lockerroom

FanScorecard твиттер аккаунты өзінің жазылушыларынан UFC файтерлері қазақстандық Шавкат Рахмонов (18-0) пен тегі шешен Хамзат Чимаев (13-0) жекпе-жекке шықса, кім жеңетінін сұрады.

Сауалнама нәтижесі дауыс берген 438 адамның 60 пайызы Рахмонов жеңеді, ал 28,3 пайызы Чимаев деп ойлайтынын көрсетті. Еске салайық, Чимаев біраз уақыт бұрын Рахмоновпен бір салмақта (жартылай орта) өнер көрсеткен, алайда кейін Хамзат орта дивизионға көтеріліп кетті.

Басқа спорттық жаңалықтар