Кәсіби бокс

Жұмғаұлов Америкада Қазақстанды Головкин арқылы ғана білетінін айтты

Жұмғаұлов Америкада Қазақстанды Головкин арқылы ғана білетінін айтты
tofight.ru

UFC-де өнер көрсеткен аралас жекпе-жектің қазақстандық шебері Жалғас Жұмағұлов атақты боксшы Геннадий Головкин халықаралық аренада Қазақстанның танымалдығын арттырғанын айтады.

"Шынын айтқанда Америкада Қазақстан не екенін де білмейді. Бұл мемлекет екенін олар түсінбейді де. Сосын оларға GGG туралы айтсаң, сол кезде ұғады. Головкиннің арқасында Қазақстанды кез келген қалада білетін болды", - дейді Жұмағұлов Legalbet MMA-ғе берген сұхбатында.

Басқа спорттық жаңалықтар