Кәсіби бокс

Канелоны парша-парша қылатын боксшы кім екені айтылды

Канелоны парша-парша қылатын боксшы кім екені айтылды
FightTime

Екі салмақта әлем чемпионы болған, ал қазірде комментатор әрі сарапшы америкалық Пол Малиньяджи мексикалық Сауль Канело Альварес (60-2-2, 39 КО) пен екінші орта салмақта WBC ұйымының "уақытша" чемпионы Давид Бенавидес (28-0, 24 КО) арасындағы жекпе-жекте кім жеңетінін айтты.

Оның сөзінше, Канело америкалық боксшымен айқастан қашып жүр, өйткені Бенавидес оның "парша-паршасын" шығарады.

"Канело Бенавидеспен жұдырықтасады деп ойламаймын. Ал егер шықса, Давид оның үстінен пойыз сияқты өте шығады. 150 миллион доллар үшін де. Альварестің парша-паршасын шығаратынын маған көріп те керек емес. Мен солай болатынын білемін", - деп береді Малиньяджидің сөзін vRINGe.com.

Басқа спорттық жаңалықтар