Теннис

Елена Рыбакина Майамидегі турнирдің ширек финалына жетті

Елена Рыбакина Майамидегі турнирдің ширек финалына жетті
facebook.com/elenarybakina/

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Майамидегі (АҚШ) WTA-1000 турнирінің ширек финалына шықты. Жарыстың жүлде қоры 8,7 миллион долларды құрайды.

1/8 финалда Елена америкалық Мэдисон Кизден айласын асырды. 1 сағат 24 минутқа созылған ойында қазақстандық теннисші 6:3 және 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, екінші теннисші арасындағы ойындар есебі теңесті: 2-2. Жартылай финалға шығу үшін Елена грек қызы Мария Саккаримен ойнайды. Оған дейін дат спортшысы Клара Таусон мен америкалық Тейлор Таунсендті жеңген болатын.

Басқа спорттық жаңалықтар