Футбол

Ұлттар лигасындағы Қазақстан және Люксембург кездесуінің төрешілері белгіленді

Ұлттар лигасындағы Қазақстан және Люксембург кездесуінің төрешілері белгіленді
Karim JAAFAR / AFP

Футболдан Ұлттар лигасы плей-офф сатысындағы Қазақстан және Люксембург кездесуінде Германия елінен Данни Маккели бастаған төрешілер бригадасы қызмет атқарады.

Бас төреші - Кристиан Дингерт. Оған Роберт Кемптер мен Кристиан Дитз көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші - люксембургтік Иву Торреш.

Қазақстан және Люксембург кездесуі наурыздың 26-нан 27-не қараған түні елорда уақытымен 00:45-те басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі құрама 2024 жылғы Еуропа чемпионаты финалдық сатысына жолдама беретін Ұлттар лигасы плей-офф сатысы жартылай финалында ұтылып, жарыс жолынан шығып қалды. Сырт алаңдағы ойындарда Люксембург Грузияға 0:2, Қазақстан Грекияға 0:5 есебімен жол берді.

Басқа спорттық жаңалықтар