Футбол

Қазақстанда ойнаған украиналық футболшы ресейлік клубқа қосылды

Қазақстанда ойнаған украиналық футболшы ресейлік клубқа қосылды
Sport.ua

«Қызылжар» мен «Ақсудың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Артур Мурза ресейлік «Муромға» сапына қосылды.
23 жастағы украиналық футболшы муромдық клубқа 13 наурызда ауысып, «Роторға» қарсы матчта команда сапында алғашқы кездесуін өткізді.

Мурза Украинада «Мариуполь», «Волынь», «Авангард», «Горняк-Спорт», «Оболон» және «Металлист» командаларында ойнаған. Ал кейін қазақстандық «Қызылжар», «Ақсу» командаларында, одан соң еуропалық «Вальмиера» (Латвия) және «Капфенберг» (Аустрия) командаларында өнер көрсетті.

Басқа спорттық жаңалықтар