Теннис

Путинцева Майамидегі турнирдің ширек финалына өтті

Путинцева Майамидегі турнирдің ширек финалына өтті
: Instagram/@yulia_putintseva

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Майамидегі WTA 1000 турнирінің ширек финалына өтті.

1/8 финалда Путинцева украиналық Ангелина Калининамен екі сағат 20 минуттай ойнады. Бұл кездесуде қазақстандық теннисші қарсыласын 6:4, 7:6 (7:5) есебімен ұтты. 

Енді Путинцева жартылай финалға шығу үшін белоруссиялық Виктория Азаренко мен ұлыбританиялық Кэти Бултер кездесуінің жеңімпазымен ойнайды. 

Басқа спорттық жаңалықтар