Гимнастика

Данил Мұсабаев Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алды

Данил Мұсабаев Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алды
GOV.KZ

Батутты гимнастикадан Қазақстан командасының мүшесі Данил Мұсабаев Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР ҰОК.

Мұсабаевтың Котбуста (Германия) өткен әлем кубогі кезеңінде көрсеткен нәтижесі есепке алынды.

Германиядағы әлем кубогі кезеңінде ол 47-орыннан көрінген болатын. Олимпиадаға лицензия алу үшін жыл бойы өткен әлем кубогі кезеңдерінің ішіндегі екі үздік нәтиже таңдалады.

Айта кетелік, батутты гимнастикадан Олимпиадаға іріктеу турнирі аяқталды. Парижде 16 ер адам мен 16 әйел адам сынға түседі.

Қазақстан жалпы есепте 14-орында тұр.

Басқа спорттық жаңалықтар