Бокс

Нокдаун! Тағы бір қазақ боксшы Бакудегі турнирдің жартылай финалына өтті

Нокдаун! Тағы бір қазақ боксшы Бакудегі турнирдің жартылай финалына өтті
ҚБФ

Қазақстандық боксшы Талғат Сырымбетов Әзірбайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан "Ұлы жібек жолы" халықаралық турнирінде бірінші жекпе-жегін өткізді.

Турнирдің ширек финалында 60 келіде өнер көрсететін Сырымбетов венгриялық Марк Адольф Балохпен кездесті. Бұл жекпе-жекте төрешілер жеңісті бірауыздан қазақ боксшыға берді. Тіпті үшінші раундта Талғат қарсыласын бір рет есеңгіретіп тастады.

Басқа спорттық жаңалықтар