Бокс

Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирде алты жүлде жеңіп алды

Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирде алты жүлде жеңіп алды
olympic.kz

Литваның Каунас қаласында өткен Альгирдас Шоцикас атындағы халықаралық турнир аяқталды. Бұл жарыста қазақ боксшылары 6 алтын медаль жеңіп алды.

57 келі. Асылжан Серікбай

63,5 келі. Жандос Қыдыралиев

67 келі. Елнұр Сүйінбай

71 келі. Фарух Тохтасунов

75 келі. Азамат Бектас

80 келі. Тұрсынбай Құлахмет

Жалпы аталған турнирге 11 боксшы аттанған болатын. Өкінішке қарай, Нұрсұлтан Алтынбек (54 келі), Алмат Әбдуәли (60 келі), Абзал Құттыбеков (92 келі) ақтық сында сүрініп, күміс медаль иеленді. Ал Даниял Сабит (51 келі) пен Аманат Сабырғали (92+ келі) жартылай финалда жеңіліп, қола медальды қанағат тұтты.

Басқа спорттық жаңалықтар