Бокс

Бакудегі турнирде Сағындық Тоғамбай әзірбайжандық қарсыласын нокаутқа түсірді

Бакудегі турнирде Сағындық Тоғамбай әзірбайжандық қарсыласын нокаутқа түсірді
ҚБФ

Қазақстан құрамасының боксшысы Сағындық Тоғамбай Әзірбайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан "Ұлы жібек жолы" халықаралық турнирінің жартылай финалына өтті.

92 келіде өнер көрсететін Сағындық жарыс жолын ширек финалдан бастап, ринг қожайыны Фуад Джафаровты екінші раундта нокаутқа түсірді.

Қазақстан командасынан жарытлай финалға бұған дейін Теміртас Жүсіпов (48 келі) қана өткен болатын. Ал Дамир Әбдіқадыр (51), Серік Теміржанов (63,5) және Тимур Нұрсейітов (75) жарыстан шығып қалды.

Басқа спорттық жаңалықтар