Теннис

Денис Евсеев жұптық сында Мурсиядағы турнирдің ширек финалына жетті

Денис Евсеев жұптық сында Мурсиядағы турнирдің ширек финалына жетті
ktf.kz

Қазақстандық теннисші Денис Евсеев британдық Ян Чойнскимен жұптық сайыста Мурсияда (Испания) өтіп жатқан турнирдің ширек финалына өтті.

1/8 финалда Евсеев пен Чойнски осы текетірестің айқын фавориттері саналған испаниялық Хавьер Барранко Косано мен Пабло Лламас Руиспен кездесті. Дегенмен қазақстандық және оның серіктесі сенімді жеңіске қол жеткізді – 6:1, 6:4.

Ширек финалда Денис Евсеев пен Ян Чойнски Тео Аррибадж (Франция) / Виктор Влад Корнеа (Румыния) - Айсам-ул-Хак Куреши (Пәкістан) / Давид Вега Эрнандес (Испания) матчының жеңімпаздарымен ойнайды.

Басқа спорттық жаңалықтар