Теннис
Дмитрий Попко Мексикадағы турнирдің бірініш айналымында жеңіске жетті
olympic.kz
Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Мексиканың Мерида қаласында өтіп жатқан ATP Challenger сериясы турнирінің екінші айналымынан асты.
Меридадағы бәсекелестің 1/16 финалында қазақстандық теннисші аустралиялық Томас-Джон Фанкуттпен кездесіп, оны 6-4, 7-5 есебімен ұтты.
Енді амеркиалық Алекс Рыбаков және германиялық Луис Весселс кездесуінің жеңімпазы Дмитрийдің келесі қарсыласы болады.
Турнирдің жүлделік қоры 41 000 доллар екенін айта кетейік. Жеңімпазы 5 600 доллар сыйақы және рейтингтік 50 ұпай алады.