Теннис
Скатов Хорватиядағы турнирді жеңіспен бастады
usopen.org
Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Хорватияның Задар қаласында өтіп жатқан "Челленджер" сериясындағы турнирді сәтті бастады.
Скатов алғашқы айналымда аустриялық Деннис Новакпен ойнады. 3 сағатқа созылған бірінші партиядағы тай-брейкте Скатов басымдық танытты 7:6 (7:5). Екінші сетте Новак сәтті ойнады 7:6 (7:5). Үшінші партияда есеп 1:1 болғаннан кейін матч кейінге қалдырылды.
Қайта жалғасқан ойында Тимофей қатарынан бес геймді өз есебіне жазды — 6:1.
Енді қазақстандық теннисші ширек финалға шығу үшін италиялық Алессандро Джаннессимен кездесу өткізеді.